Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласында көктемгі Наурыз мерекесінің мазмұнын байыту үшін мерекені 14-23 наурыз аралығында өткізуді ұсынды.
Мерекенің негізгі міндеттері: рухани құндылықтарды, халықтың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, азаматтық бейбітшілікті сақтау, қайырымдылық мәдениетін және этнос аралық қатынастар мәдениетін дамыту, қоғамдағы достық пен сенімді нығайту, елдімекендердің аумақтарына баттандыру бойынша экологиялық мәдениет пен қоғамдық бастамаларды дамыту болып табылады.
Осыған байланысты, 2021 жылғы 19 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің этноБАҚ бас редакторлары, Алматы қаласының республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары 30 (отыз) көшет отырғызды (отырғызу орны — Гагарин және Қарасай батыр көшелерінің қиылысында).
Сол күні, 19 наурызда Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «30 игі іс» жобасы аясында қайырымдылық акциясы өтті. 30 (отыз) көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне азық-түлік пакеттері (әрқайсысы 40 мың теңгеден) берілді.
Қайырымдылық акциясының бастамашысы Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығы, ҚХА төрағасының орынбасары Кузиев Закиржан.
Шараларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, оның ішінде «Барбанг» Күрдтер қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ҚХА және ҚХА қоғамдық құрылымдарының, республикалық және қалалық ЭМБ басшылары мен мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студент жастар, Алматы қаласы«Жаңғыру жолы» МД мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Оставайтесь на связи