2021 жыл 30 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. Достық үйінде онлайн-форматта Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған телекөпірі өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты В. Божко, қоғам қайраткерлері, Ассамблеяның астаналық спикерлері және еліміздің барлық өңірлеріндегі ҚХА мүшелері, оның ішінде Қазақстан Күрдтері «Барбанг» қауымдастығының төрағасы, профессор Князь Мирзоев қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIX сессиясының қорытындыларын, сондай-ақ қоғамда жалпыұлттық бірлік, азаматтық бірегейлік және патриотизм құндылықтарын қалыптастырудағы ҚХА-ның рөлі мен міндеттері талқыланды.
Оставайтесь на связи