2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес жұмысына ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев, орталық мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент ққ. мен облыстардың облыс әкімдері – ҚХА төрағалары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея құрылымдарының өкілдері, білім және ғылым ұйымдарының, институттардың жетекшілері, БАҚ, ҮЕҰ және қоғам қайраткерлері қатысты.
Іс-шарада Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев, этномәдени бірлестіктер, азаматтық қоғам мен жастар өкілдері сөз сөйледі.
Отырыс барысында Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарларын таныстырды.
Отырыс соңында Ассамблея Кеңесі барлық ҚХА мүшелері мен Қазақстан азаматтарын бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы Елбасының стратегиялық сабақтастық бағытын қолдауға шақырған Үндеу қабылдады.
Үндеуде азаматтық бейбітшілік, қоғамдық келісім мен халық бірлігі еліміздің іргетасы, қарқынды дамуының кепілі екені атап көрсетілген.
ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың сәтті жүзеге асатынына және алдағы реформалардың жалпыұлттық қолдау табатынына сенім білдірді!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өз жұмысын табысты аяқтады.
Оставайтесь на связи