ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ
ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СОСТОЯЛОСЬ ЗАСЕДАНИЕ КЛУБА ЖУРНАЛИСТОВ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА


03.12.2021 ж. Нұр-Сұлтанда «Этносаралық қатынастар саласындағы журналистика: ерекшеліктері мен дамуы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.А.Әзілханов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н.Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі М.Т.Бекбаева, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р.С.Ошақбаев, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы А.Ұ.Сағымбеков, сондай-ақ танымал журналистер мен ҚР этномәдени бірлестіктерінің БАҚ өкілдері, оның ішінде Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы кеңесінің мүшесі, республикалық «Jîyana Kurd» («Курдтерінің өмірі») газетінің бас редакторы Жасым Османов, қатысты.

Журналистер клубы отырысының жұмысы ашық диалог форматында 2 секция бойынша өтті. Қатысушылар жалпыұлттық бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға, қазақстандық қоғамдағы этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған тиімді ақпараттық-түсіндіру қызметінің тәсілдері мен тетіктерін талқылады.

______________________

СОСТОЯЛОСЬ ЗАСЕДАНИЕ КЛУБА ЖУРНАЛИСТОВ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА

3 декабря в Нур-Султане состоялось заседание Клуба журналистов Ассамблеи народа Казахстана на тему «Журналистика в сфере межэтнических отношений: особенности и перспективы».

В мероприятии приняли участие заместитель Председателя – заведующий Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана М.Азильханов, председатель Комитета по развитию межэтнических отношений МИОР РК Г.Н.Шойкин, официальный представитель Ассамблеи народа Казахстана М.Т.Бекбаева, директор Центра прикладных исследований «Талап» Р.С.Ошакбаев, главный редактор газеты «Казахстанская правда» А.У.Сагимбеков, а также известные журналисты и представители СМИ этнокультурных объединений РК, в том числе член Правления Ассоциации «Барбанг» курдов Казахстана, главный редактор республиканской газеты «Jîyana Kurd» («Жизнь курдов») Османов Жасым Джафарович.

Работа заседания Клуба журналистов прошла в 2 секциях в формате открытого диалога. Участники обсудили подходы и механизмы эффективной информационно-разъяснительной деятельности, направленной на дальнейшее укрепление общенационального единства и согласия, гармонизацию межэтнических отношений в казахстанском обществе.


ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (assembly.kz)
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (assembly.kz)
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (assembly.kz)
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (assembly.kz)
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (assembly.kz)