Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары бірқатар кездесулер өткізді. Олар алдымен Алматы қаласы аудандық жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің өкілдерімен кездесуі өткізді.

Бұл отырыста ұйғыр және дүнген этностарының өкілдерімен әңгімелесу барысында еліміздің жеткен жетістіктері, мәдени, дәстүрлі құндылықтарды сақтау және ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.


ҚР Мәжіліс депутаттары келесі кезекте БАҚ өкілдерімен және белсенді блогерлермен кездесті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары қалалық Ассамблеяның жастар қанатымен және қалалық жастар ұйымдарының өкілдерімен жүздесті. Бұл жиында жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқы, мектептердегі психологтардың жұмысы, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелері талқыланды.

Іс-шарада Қазақстан күрділерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығының Алматы қалалық филиалының төрағасы Тагиров Максуд Гасимович белсенді қатысты.

Алматыда ҚР Мәжілісі депутаттары бірқатар кездесулер өткізді (assembly.kz)
Алматыда ҚР Мәжілісі депутаттары бірқатар кездесулер өткізді (assembly.kz)
Алматыда ҚР Мәжілісі депутаттары бірқатар кездесулер өткізді (assembly.kz)