Петропавлда облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Бұл жолғы кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған мәлімдемесі талқыға түсті. Президент жариялаған реформалардың басты міндеті – әр қазақстандықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау.

Өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті проблемаларды шешу үшін нақты міндеттер жүктеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған мәлімдемесін талқылау мақсатында жиналған облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері өкілдері президент бастамаларына зор қолдау білдірді.

Президент сол отырыста «Қазақстан халқына» атты қор құрылатынын жеткізген еді.

Іс-шарада Қазақстан күрділерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығы Солтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы Надиров Рашид Садыкович белсенді қатысты.

Қалалық мәслихат депутаты Владимир Витченко:

— «Ел Президенті бұл президенттік, үкіметтік немесе қандай да бір мемлекеттік органның емес, барша қазақстандықтың қоры болады деген еді. Ашылған қордың қызметі толығымен ашық болса екен дейміз. Біз қиын дықты бастан кешірген жандарға көмек қолын созамыз, — деді.

Сондай-ақ, шара барысында білім сапасын арттыру мәселесі де көтерілді. Мұғалім жетіспейтін аймақтарға үздік ұстаздар тартылады.

ASSEMBLY.KZ

Петропавлда облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жиын өтті (assembly.kz)