4 ақпанда Алматы қаласының қалалық Достық үйінде Алматы қаласының «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі мүшелерінің кеңейтілген жиналысы өтті.

Іс-шарада Қазақстан Күрдтері «БАРБАНГ» қауымдастығы Алматы қалалық филиалының төрағасы Тагиров М.Г. белсенді қатысты.

Күн тәртібінде 2023 жылға арналған жоспарларды талқылау, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ филиалы төрағасының орынбасарларын тағайындау, Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ филиалының студенттік ұяшықтарымен жұмыс, Алматы қаласы «Ассамблея жастары» РҚБ еріктілер бағыты, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің әлеуметтік желілер және БАҚ-пен өзара іс-қимылы,  жұмысы талқыланды.

Іс-шара барысында жастар бірқатар өзекті мәселелер мен іс-шараларды ұсынды: қала жастарының тәуелсіз альянсын құру, жастар арасында спортты дамытуға арналған бірқатар іс-шараларды жылдық жоспарға енгізу, ұйым қатарына жаңа мүшелерді тартудың өзекті мәселесі және т.б.
_____________________

4 февраля на базе городского Дома дружбы города Алматы прошло Расширенное собрание Членов представительства РОО «Ассамблея жастары» города Алматы.

В мероприятии активное участие принял председатель Алматинского городского филиала Ассоциации «БАРБАНГ» курдов Казахстана Тагиров Максуд Гасимович.

На повестке дня стоял вопрос обсуждения планов на 2023 год, а также утверждение заместителей председателя филиала РОО «Ассамблея жастары» по г. Алматы, работа со студенческими ячейками филиала РОО «Ассамблея жастары» по г. Алматы, волонтерское направление РОО «Ассамблея жастары» города Алматы, а также работа представительства РОО «Ассамблея жастары» в социальных сетях и взаимодействие со СМИ.

В ходе мероприятия молодежью был выдвинут ряд актуальных вопросов и мероприятий такие как: Создание независимого Альянса молодежи города, включение в годовой план ряда мероприятий на развитие спорта среди молодежи, актуальный вопрос привлечения новых членов в ряды организации и тд.

Алматы қалалық «Ассамблея жастары» өкілдігінің кеңейтілген жиналысы
Алматы қалалық «Ассамблея жастары» өкілдігінің кеңейтілген жиналысы
Алматы қалалық «Ассамблея жастары» өкілдігінің кеңейтілген жиналысы
Алматы қалалық «Ассамблея жастары» өкілдігінің кеңейтілген жиналысы