25 ақпанда Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұрағатымен бірлесіп Алғыс айту күніне арналған «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Онлайн-іс-шара барысында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты шығармашыл жастардың суреттерінің көрмесі мен таныстырылымы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел аясында ҚР Президенті Архивінің қорынан архивтік құжаттар негізінде дайындалған «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» тарихи-құжаттық көрмесі таныстырылады.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласындағы дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этно-мәдени орталықтардың басшылары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысады деп күтілуде.
«Алғыс айту күні-бұл өз еліне, өз жеріне, өзінің кіші отанына, өз отбасына алғыс айту мерекесі. Бұл мереке жастарға этностардың алдында қандай қиындықтар болғанын және осы қиындықтардың барлығын біртұтас Қазақстан халқына қалай біріктіргенін жастарға жеткізуге көмектеседі», — деп атап өтті «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бүкіл қоғамның дамуы үшін халық бірлігінің маңыздылығын атап өтті.
«Шыны керек, көктемнің алғашқы күні «рақмет» сөзімен басталады. 1 наурыз — Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, Алғыс айту күні, бұған қоса, көктемнің бірінші күні атап өтіледі. Ұлы далаға қоныс аударған өзге этнос өкілдері қазақ халқына шыдамдылық танытып, қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтады», – дейді «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алғыс айту күні 1 наурызда, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтіледі.
Оставайтесь на связи