Қазақстан Күрдтері «Барбанг» қауымдастығының Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы Тагиров Максуд Гасимович «Qazaq TV» телеарнасына «Тоғысқан мәдениет» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан күрдтері, біздің қауымдастығының жұмысы және күрд отбасылық пен мәдени дәстүрлер туралы айтады.
Шығарылым сипаттамасы:
Елімізде 130 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда күрдтер 80 жылдан астам уақыт тұрады. Қазір республикада 70 мыңнан астам күрдтер бар. Қазақстан халық ассамблеясы жанында Қазақстан күрдтері «Барбанг» ассоциациясының жұмысы бар. Ассоциация әр уақытта күрд тілінің, күрд мәдениетінің, күрд халқының басқа ұлттармен байланыстарын дәріптейді.
Күрд ұлтының Қазақстанға қоныс аудары үш кезеңге бөлінеді: қазақ жеріне күрдтердің алғашқы легі 1937 жылы Әзербайжаннан; екінші топ 1944 жылы Грузиядан, ал үшінші топ 1989-1990 жылдары Әзербайжан мен Армениядан қоныс аударды. Бүгінде Қазақстанда 70 мыңнан астам күрд өкілі өмір сүреді.
Оставайтесь на связи