Ағымдағы 2021 жылдың 29 сәуір күні, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетте 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Тірліктің күші бірлікте» атты онлайн мерекелік іс-шара өткізілді.
Егеменді еліміздің басты құндылығы – Халқымыздың бірлігі, біртұтастығы болып табылады. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылып, бүгінгі күнде қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.
Қазақстан жерінде 130-ге жуық ұлт пен ұлыс бір ортақ шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Ал енді медицина мамандарын дайындайтын еліміздің ең алдыңғы көшбасшы жоғары оқу орны С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 21 шет елден келіп білім алып жатқан студенттер бар.
Жалпы бірлік күнін тойлау ол елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің сан түрлі айшықты бояумен ерекшеленген, неше түрлі ұлттық нақышта әшекейленген ұлттық киімдерін киіп, өзіндік ұлттық әуендерін орындап, бар рухани байлығын, салт-дәстүрін ортаға салып, бірінің өнерін бірі тамашалаған жалпыхалықтық әдемі мейрам.
Ұлт мен ұлтты, халық пен халықты дос ететін де, жақындастыратын да, бірлікке шақыратын да осы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық рух, рухани байлық, салт-дәстүр. Қарап тұрсаңыз, әдемі бәсекеге түсетін, бір-бірін бірлікке шақырып, мейірім шашатын күн.
Университет әкімшілігі атынан Корпоративтік даму бойынша проректор Датхаев Убайдилла Махамбетұлы мерекелік іс-шараны ашып, барша қауымды айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, арнайы қатысып отырған қонақтарға университет әкімшілігі атынан алғысын білдіріп өтті.
Аталған мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстандағы «Барбанг» курдтар қауымдастығының президенті, Филология ғылымдарының докторы, профессор Мирзоев Князь Ибрагимович және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының бірлескен негізін қалаушы, Республикалық қоғамдық бірлестігі «Қазақстандағы ұйғыр жастар одағының» төрағасы Кайрыев Рустам Абдусаламович қатысты.
Қазақстандағы «Барбанг» курдтар қауымдастығының президенті К.И.Мирзоев Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізді көркейтуде халықтар арасындағы бірлікті, достық қарым-қатынасты сақтауда орасан рөл атқаратынын айта келіп барша қауымды мерекемен құттықтады.
«Қазақстандағы ұйғыр жастар одағының» төрағасы Р.А.Кайрыев Ассамблея жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымы, «Қазақстандағы ұйғыр жастар одағының» бірлесе жұмыс жасап ардагерлерге, көп балалы және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларына көмек қолын созып, волонтерлық істермен айналысып, қайырымдылық жұмыстарын жасап жатқандарын айтып өтті.
Сондай-ақ, біздің университеттің студенттеріне де бүгінгі күндегі пандемияның орын алуында көмек қажет етіп жатқан барша ардагерлерге, отбасыларына медициналық, қайырымдылық көмек, еріктілер ісімен айналысып өз үлестерін айрықша қосып жатқандарын естіп-біліп жатқанын айта келіп, игі істеріне сәттілік тіледі.
Мерекелік іс-шараға барлық мектептер мен факультеттің студенттері қатысты. Артынша университетте білім алып жатқан әр ұлт өкілдерінің студенттері ән-жырларын тарту етті.
Бірлігі жарасқан елде тірлік бар және алынбайтын қамал жоқ.
Оставайтесь на связи