2021 жылғы 20 мамыр сағат 11.00-де Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40) Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен республикалық кеңесі өтеді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары З. Кузиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, оның ішінде А. Хамедов және Қазақстан Күрдтері «Барбанг» қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен жастары, БАҚ қатысады.
Кеңес шеңберінде ҚХА-ның ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру тұрғысынан Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттерді, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеті жұмысының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктермен бірлескен жобаларын іске асыру барысын талқылау жоспарлануда.
ASSEMBLY.KZ
Оставайтесь на связи