Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

03.12.2021 ж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және келісім жолымен» тележобасы қорытындысының тұсаукесері, сондай-ақ журналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Майя Бекбаева, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Nur Otan» партиясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, журналистер клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ҚХА «Бейбітшілік және келісім жолымен» фильмі көрсетілді. Тележобаның мақсаты еліміздің басты құндылықтарының бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін ілгерілету болып табылады.

Тұсаукесерде сөз сөйлеген Марат Әзілханов «Бейбітшілік және келісім жолымен» жобасы мазмұны мен мағынасы жағынан өте маңызды жоба екенін атап өтті.

Оның айтуынша, өзін Қазақстанның азаматтары мен патриоттары ретінде сезінген түрлі этностар, жас және мамандық иелері бізге бұрынғы Кеңес Республикасының көпэтносты халқын Тәуелсіз Қазақстанның біртұтас халқына біріктірудегі Ассамблеяның тарихи еңбегі мен рөлін айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбына арналған үздік жарияланымдардың авторлары марапатталды, оның ішінде Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы кеңесінің мүшесі, республикалық «Jîyana Kurd» («Курдтерінің өмірі») газетінің бас редакторы Жасым Османов.
__________________________

Подведены итоги телепроекта АНК
«Дорогой мира и согласия» и церемония награждения победителей творческого конкурса «Шаңырақ» в области журналистики
(ASSEMBLY.KZ)

3 декабря в Музее Первого Президента РК  — Елбасы  состоялась презентация итогов телепроекта Ассамблеи народа Казахстана «Дорогой мира и согласия», посвященного 30-летию Независимости РК, а также церемония награждения победителей республиканского конкурса «Шаңырақ» в области журналистики.

В мероприятиях приняли участие заместитель Председателя Ассамблеи народа Казахстана – заведующий Секретариатом М. Азильханов, заместитель Председателя Ассамблеи народа Казахстана М. Бекбаева, депутаты Парламента Республики Казахстан, представители государственных органов, партии «Nur Otan», этнокультурных объединений, члены Ассамблеи народа Казахстана, Клуба журналистов, общественные деятели, представители научной и творческой интеллигенции, активисты и члены молодежных организаций, блогеры и представители СМИ. 

В ходе мероприятия состоялся показ фильма АНК «Дорогой мира и согласия». Цель телепроекта – продвижения одной из главных ценностей страны – модели общественного согласия и общенационального единства.

Выступая на презентации, М. Азильханов отметил, что проект «Дорогой мира и согласия» очень многозначный по своему содержанию и значению. 

По его словам, люди разных этносов, возрастов и профессий, осознавшие себя гражданами и патриотами Казахстана, лучше всяких красивых слов раскрывают нам историческую заслугу и роль Ассамблеи в интеграции полиэтнического населения бывшей советской республики в единый народ Независимого Казахстана.

В ходе мероприятия состоялась церемония награждения победителей республиканского творческого конкурса «Шаңырақ» в области этножурналистики. Были награждены авторы лучших публикаций на тему общественного согласия и общенационального единства, среди которых член Правления Ассоциации «Барбанг» курдов Казахстана, главный редактор республиканской газеты «Jîyana Kurd» («Жизнь курдов») Османов Жасым Джафарович.

Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті (ASSEMBLY.KZ)
Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті (ASSEMBLY.KZ)
Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті (ASSEMBLY.KZ)
Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті (ASSEMBLY.KZ)