Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ (Достық Үйі) мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Гусеинович Набиев Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, этномәдени бірлестіктер, аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, жетекші журналистер мен сарапшылар клубының өкілдерімен, «Жаңғыру жолы» облыстық штабының белсенділерімен кездесу өткізді.

Жиынның модераторы — Ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Оралов Әбілхайыр Әбенович
Сөйлеушілер:

  • Вакиль Гусеинович Набиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Барбанг» Қазақстан күрдтер қауымдастығы Алматы қалалық филиалының төрағасы және вице-президенті, ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;
  • Тимур Габдулович Джумурбаев, ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, ақпараттық және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі, «Adaldyq Alany» офистік жобасының жетекшісі;
  • Оралбек Нұрсейітұлы Жақиянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің III шақырылымының депутаты, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Ақсу, Алакөл аудандарының Құрметті азаматы, ҚХА жанындағы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы;
  • Руфина Касымовна Усанова, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» медалінің иегері, «Туган тел» облыстық татар этномәдени орталығының төрағасы, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының төрағасы;
  • Мустафаев Аладин Алиевич, облыстық «Барбанг» күрд этномәдени орталығының төрағасы;
  • Владимир Сергеевич Чепель, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының мүшесі, Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округі әкімдігінің бас маманы.

Жұмыс сапары барысында жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында депутаттың «Жаңғыру жолы» облыстық штабының белсенділерімен кездесуі, сондай-ақ олимпиадалық типтегі орталық жүзу бассейніне экскурсия өтті.


Талдықорғанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Гусеинович Набиевмен кездесу өтті
Талдықорғанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Гусеинович Набиевмен кездесу өтті
Талдықорғанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Гусеинович Набиевмен кездесу өтті