Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының басқармасының мүшесі, өз халқының және елінің патриоты, қоғам қайраткері Гейдаров Гамзе Бадриевичтің туған күнінде біз оған зор денсаулық, отбасылық амандық және одан әрі халық пен ел игілігі жолындағы жемісті еңбегінде сәттілік пен жеңістер тілейміз.
Гамзе Гейдаров — ҚР Алматы облысы Іле ауданы «РОНАИ» күрд этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстандағы күрд этносының жарқын өкілі, біздің қауымдастығының белсенді мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы «Нұр Отан» партиясы праймеризінің жеңімпазы.
Одан басқа Гамзе Бадриевич Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен өткізілетін көптеген іс-шараларға белсенді қатысады, Қазақстандағы күрд жастары арасында ұлтаралық келісімді нығайту бойынша көптеген жұмыстар жүргізеді, кедейлер мен мұқтаждарға үнемі қайырымдылық көмек көрсетеді.
Туған күнің құтты болсын, Гамзе Гейдаров!
Rojbûna te pîroz be, Hamze! 🎉
Оставайтесь на связи