Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста ел Президентінің 2021 жылғы 21 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында этномедиацияны дамытуға қатысты берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралды.
Кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Медиация орталықтарының өкілдері, ҚХА кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, өңірлік медиация кабинеттерінің басшылары, БАҚ және т.б. қатысты.
Отырысты ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ашты. Өз сөзінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылдан бастап медиация институтын даулар мен жанжалдарды шешудің қоғамдық-құқықтық құралы ретінде дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп келе жатқанын атап өтті.
Медиация институтының қызметі азаматтардың даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында ымыраға келуге дайындығын көрсететін, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды маркерлерінің бірі болып табылады.
Марат Әзілханов даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлармен үлкен жұмыс
ASSEMBLY.KZ
Оставайтесь на связи