«Нұр-Сұлтан – мемлекетіміздің қарқынды өсуінің жарқын мысалы»
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Нұр-Сұлтан қаласы – тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы және символы, мемлекетіміздің қарқынды өсуінің жарқын мысалы.
Біздің елорда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын сәулеті сәнді, өмір сүруге ыңғайлы, заманауи жоғары технологиялық мегаполис ретінде қарсы алады.
Біздің әрқайсымыз тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа астананы көшіру бастамасы үшін ерекше ризашылық пен алғыс білдіретініміз сөзсіз. Біз бүгінгі күн тұрғысынан осы стратегиялық қадамның ауқымды жоспарлары мен тарихи нәтижесін жоғары бағалай аламыз.
Бүгінде барша қазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласына келуге ұмтылады және олардың әрқайсысы астанамызға өз идеяларын тарту етеді, шалқар шабытпен еңбек етеді, ең бастысы – татулық пен сыйластықты нығайтуға күш салады. Қала бүгінде татулық пен келісім астанасы мәртебесіне ие.
Қымбатты қазақстандықтар!
Жас астанамыздың абыройы асқақтап, өркендей берсін. Нұр-Сұлтан қаласы көркейіп, әр шаңырақ қуаныш пен бақытқа, болашаққа деген сенімге толы болсын!
Осы мереке күндері біз барша қазақстандықтарға мықты денсаулық пен бақ-береке тілейміз!
М.Бекбаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ресми өкіл
ASSEMBLY.KZ
Оставайтесь на связи