22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті – ҚХА Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басшылығы, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері және т.б. қатысты.

Қатысушылар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ел басшылығының негізгі тапсырмаларын іс жүзінде орындау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ аталған жұмысты орындаудың әдіснамалық тәсілдерін талқылады.

Іс-шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің қазан айындағы отырысында берген тапсырмаларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.