Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Басқосуда облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары сараланып, Қоғамдық келісім кеңесінің Ережесін бекіту, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және Қоғамдық келісім кеңесінің құрамын жасақтау мәселелері қозғалды.
Келелі жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері белсенді қатысты, оның ішінде «Барбанг» күрдтерінің республикалық қауымдастығы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Надиров Азимбай Садыкович.
Оставайтесь на связи