🇰🇿 Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық онлайн отырысы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясы ү.ж. 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған Президенттің бастамаларына қолдау білдірді, сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорын құруға жан-жақты атсалысатындығын мәлімдеді.
Бұл туралы 2022 жылғы 18 қаңтарда ҚХА республикалық дөңгелек үстелінің онлайн-отырысында хабарланды.
Іс – шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің ҚХА депутаттық тобының мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының және этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің ашылу барысында М.Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі орын алған қайғылы оқиғаның салдарын жоюға белсенді атсалысып жатқанын атап өтті. «Өңірлерде қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, халықтың зардап шеккен және әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін қаражат жинау әліде жүріп жатыр.
Ассамблея жастары блокпосттардағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және көшелерді тазалаумен айналысатын коммуналдық қызметтің жұмысшыларына ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырды», – деді Марат Әзілханов.
Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың Мәжіліс отырысында сөйлеген бағдарламалық сөзі қаңтар дағдарысының бетбұрысты кезеңін айқындады. «Жаңа Қазақстан – бұл қоғамдық құндылықтарды терең бойлау, қоғамдағы әлеуметтік және басқа да олқылықтарды еңсеру, бұл біздің бірлігіміздің жаңа сапасы, элитаның моральдық кодексі, мемлекеттік аппараттың жаңаруы, өміріміздің гуманитарлық адами өлшемі және адами капиталға ден қою», – деп атап өтті ҚХА Төрағасының орынбасары. М.Әзілханов «Қазақстан Халқына» қорын ашудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы бірінші кезекте осы қордың жұмысына жәрдемдесуі тиіс. Өйткені, бұл жай ғана қайырымдылық ұйымы емес — бұл біздің ортақ әлеуметтік жауапкершілігіміздің жалпыұлттық институты», – деді спикер.
Отырыс барысында қатысушылар алдағы атқарылатын жұмыс бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп, Ассамблеяның барлық мүшелерін Президент белгілеген жаңа міндеттерді қолдауға шақырды.
Атап айтқанда, ҚХА бастамасымен барлық өңірлерде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылды. Олардың қатарында қираған ғимараттар мен нысандарды қалпына келтіру бойынша волонтерлік және қайырымдылық акциялары, мұқтаж жандарға, әсіресе зардап шеккен әскери және полиция қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету, «Қазақстан Халқына» қоры жұмысының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша ҚХА мүшелерімен және меценаттармен жиналыстар ұйымдастыру жоспарланған.
Осы ретте, 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланғанын ескере отырып, ҚХА-ның жекелеген жобалары көзделген мақсаттарға сәйкес қайта қаралатындығы айтылды, оларды іске асырумен жергілікті жерлерде Аналар кеңесі және ҚХА құрылымдарымен бірлесіп айналысатын болады.
Іс-шара соңында қатысушылар үндеу жасап, ел азаматтарын Президентті қолдауға және барлық белгіленген реформаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.
Шарада Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығының төрағасы, ҚХА мүшесі Азиз Зияұлы Алиев, сондай-ақ «Барбанг» қауымдастығының басқарма мүшелері — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Барбанг» қауымдастығының вице-президенті, ҚХА Кеңесінің мүшесі Вакиль Набиев, «Барбанг» қауымдастығының вице-президенті Агали Ибрагимов, «Барбанг» қауымдастығы Алматы облыстық филиалының төрағасы Аладин Мустафаев қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы (assembly.kz):
https://assembly.kz/news/aza-stan-khal-y-assambleyasy-respublikaly-onlayn-otyrysy-tti/
__________________________________
✅ Ассамблея народа Казахстана выступила в поддержку инициатив Президента Казахстана
Ассамблея народа Казахстана выступила с поддержкой инициатив Президента, озвученных на заседании Мажилиса Парламента РК 11 января т.г., а также поддержала создание фонда «Қазақстан халқына». Об этом было объявлено 18 января 2022 года по итогам онлайн-заседания республиканского круглого стола АНК.
В мероприятии приняли участие заместитель Председателя – заведующий Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана М.Азильханов, члены депутатской группы АНК Мажилиса Парламента РК, руководители общественных структур АНК и этнокультурных объединений, представители госорганов и СМИ.
Открывая круглый стол М.Азильханов отметил, что Ассамблея народа Казахстана сегодня активно участвует в ликвидации последствий трагических событий. «В регионах проходят волонтерские акции, сбор благотворительных средств для пострадавших и социально-незащищенных слоёв населения.
Так, молодежь Ассамблеи организовала доставку горячего питания сотрудникам правоохранительных органов на блокпостах и работникам коммунальных служб, которые заняты уборкой на улицах», – сказал он.
По его словам, переломным моментом январского кризиса стало программное выступление Президента Казахстана К.К.Токаева на заседании Мажилиса.
«Новый Казахстан – это перезагрузка общественных ценностей и преодоление социальных и других проблем в обществе, это новое качество нашего единства, морального кодекса элиты, обновление госаппарата, гуманитарное, человеческие измерение нашей жизни и ставка на человеческий капитал», – отметил заместитель Председателя АНК.
Особое внимание М.Азильханов обратил на важность открытия фонда «Қазақстан халқына». «Убежден, что Ассамблея народа Казахстана должна в первых рядах содействовать работе этого фонда. Ведь это не просто благотворительная организация – это общенациональный институт нашей общей социальной ответственности», – заявил спикер.
В ходе заседания его участники поделились своими предложениями по дальнейшей работе и призвали всех членов АНК объединиться в поддержку новых задач, поставленных Президентом.
В частности, предложено во всех регионах провести ряд мероприятий под эгидой АНК. В их числе, волонтерские и благотворительные акции по восстановлению разрушенных зданий и объектов, адресная помощь нуждающимся, особенно семьям пострадавших военнослужащих и сотрудников полиции, собрания с членами АНК, благотворителями и меценатами по разъяснению целей и задач работы фонда «Қазақстан халқына».
При этом, учитывая, что 2022 год объявлен Годом детей, отдельные проекты АНК будут переориентированы на эти цели, реализацией которых на местах займутся Советы матерей и другие структуры АНК.
В заключении мероприятия участники выступили с обращением и призвали граждан страны сплотиться вокруг Президента, и вместе реализовать все намеченные реформы.
В мероприятии приняли участие члены Правления республиканской Ассоциации «Барбанг» курдов Казахстана, в том числе председатель Ассоциации «Барбанг», член АНК Алиев А.З., депутат Мажилиса Парламента РК, вице-президент Ассоциации «Барбанг», член Совета АНК Набиев В.Г., вице-президент Ассоциации Ибрагимов А.Н. и председатель Алматинского областного филиала Ассоциации «Барбанг» Мустафаев А.А.
Ассамблея народа Казахстана (assembly.kz):
https://assembly.kz/ru/news/ank-vystupila-za-sodeystvie-fondu-aza-stan-khal-yna/
Оставайтесь на связи