🇰🇿 Аида Балаева: «Қажет өзгерістердің уақыты келді» (assembly.kz)
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Балаеваның республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының активімен кездесуі өтті.
Жұмысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов қатысты.
Жұмыс барысында А.Балаева Ассамблеяның қаңтар оқиғалары күндері жүргізген жұмысына оң баға берді, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың соңғы сөйлеген сөздерінде қойылған міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары өз сөзінде «бүгін басты назарда – «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» деген ортақ идеямен біріктірілген жасампаз күн тәртібінің тұрғанын»,- атап өтті.
А.Балаева «Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда алда тұрған жұмыстың негізгі басымдықтарын нақты белгілеп берді, сондай-ақ «қоғамда түйткілді проблемаларды шешу жолдарының айқын көруін» атап өтті.
Іс-шарада Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығының төрағасы, ҚХА мүшесі Азиз Зияұлы Алиев, сондай-ақ «Барбанг» қауымдастығының басқарма мүшелері — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Барбанг» қауымдастығының вице-президенті, ҚХА Кеңесінің мүшесі Вакиль Набиев, «Барбанг» қауымдастығының вице-президенті Агали Ибрагимов, «Барбанг» қауымдастығы Алматы қалалық филиалының төрағасы, ҚХА мүшесі Максуд Тагиров қатысты.
Кездесу барысында Ассамблеяның алдағы іс-шараларының дайындық мәселелері талқыланды, Мемлекет басшысының ҚХА-ның барлық құрылымдарында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.
* * *
Аида Балаева: «Время необходимых перемен уже наступило» (assembly.kz)
3 февраля текущего года в республиканском Доме дружбы в г.Алматы состоялась встреча Заместителя Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан А.Балаевой с руководителями республиканских этнокультурных объединений и активом общественных структур Ассамблеи народа Казахстана.
В работе принял участие Заместитель Председателя – заведующий Секретариатом АНК М.Азильханов.
В ходе работы А.Балаева дала положительную оценку работе Ассамблеи в дни январских событий, а также подробно остановилась на задачах, поставленных Президентом Казахстана К.К. Токаевым в ходе его последних выступлений.
В своей речи Заместитель Руководителя Администрации Президента отметила, что «сегодня в центре внимания – созидательная повестка дня, объединенная общей идеей «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!».
А.Балаева подчеркнула, что «Глава государства очень конкретно обозначил ключевые приоритеты предстоящей работы в социально-экономической и общественно-политической сферах», а также отметила «четкое видение путей решения назревших в обществе проблем».
В мероприятии приняли участие члены Правления республиканской Ассоциации «Барбанг» курдов Казахстана, в том числе председатель Ассоциации «Барбанг», член АНК Алиев А.З., депутат Мажилиса Парламента РК, вице-президент Ассоциации «Барбанг», член Совета АНК Набиев В.Г., вице-президент Ассоциации Ибрагимов А.Н. и председатель Алматинского городского филиала Ассоциации «Барбанг» курдов Тагиров М.Г.
В ходе встречи были обсуждены вопросы подготовки предстоящих мероприятий Ассамблеи, отмечена необходимость слаженной работы всех структур АНК по реализации поручений Главы государства по укреплению общественного согласия и единства.
ASSEMBLY.KZ
Оставайтесь на связи