Марат Әзілханов ҚХА күрд этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов ҚХА күрд этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов ҚХА күрд этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Кездесуге «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы А.З.Алиев, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының Алматы қалалық филиалының төрағасы М.Г.Тагиров, «Жйина күрд» республикалық күрд газетінің бас редакторы Ж.Османов және басқалары қатысты.

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов "Барбанг" күрд этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында Марат Әзілханов күрд этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудағы белсенді және біріктіруші рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ҚХА-ның күрд ЭМБ этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халықтың бірлігін нығайтуда белсенді жұмыс жасап, ҚХА-ның қолдауына ие болып отырғанын айтты. Сондай-ақ Қазақстанның қағидатты ұстанымы – этникалық мәселелерді саяси мақсаттарда пайдалануға жол бермеу екенін атап өтті.

Күрд этносының активі «қаңтардағы» оқиғалар біздің еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықтың қаншалықты баға жетпес екенін тағы бір рет айқын көрсеткенін атап өтті.

«Біз барлық қазақ халқымен бірге түрлі тарихи кезеңдерді еңсердік. Бүгінде біз еліміздің мүдделерін қорғау мен нығайту жолындағы жұмысты одан әрі жалғастырмақпыз. Сондай-ақ өзіндік ерекшелігімізді жоғалтпау үшін мәдениетімізді, салт-дәстүріміз бен тілімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында еңбек етеміз», — деді Азиз Зияевич.

Өз кезегінде күрд этномәдени бірлестігінің өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ілгерілету мен дамытуға байланысты өз ұсыныстарын білдірді:

— ҚХА қызметіне барлық этностардың белсенді жастарын тарта отырып, жобаларды дамыту;

— еліміздің кадрлық әлеуетінің шетелге кетуіне жол бермеу мақсатында Жаңа Қазақстанды құруда жастармен белсенді жұмыс жүргізу;

— мемлекеттік тілдің рөлі мен танымалдылығын арттыру мақсатында этностардың біріктіру.

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов "Барбанг" күрд этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этномәдени бірлестіктеріне және этностардың мәдениетін, дәстүрлерін, тілін дамытуға барынша қолдау көрсететінін атап өтті.

Кездесу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Ассамблея еліміздің барлық этномәдени бірлестіктеріне олардың интеграциялық бастамаларын іске асыруда барынша қолдау көрсететінін атап өтті.

Айта кетейік, кездесу онлайн форматта ZOOM -конференция платформасында өтті.

ASSEMBLY.KZ