Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, өз халқының және елінің үлкен патриоты, қоғам қайраткері Вакиль Гусейнович Набиевті Республика күні орай ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз, біз оған зор денсаулық, отбасылық амандық және одан әрі халық пен ел игілігі жолындағы жемісті еңбегінде сәттілік пен жеңістер тілейміз!
«Ерен еңбегі үшін» медалі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы. “Ерен еңбегі үшін” медалі 1993 жылы белгіленген. Медальмен азаматтар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жеткен табыстары үшін марапатталады. Медаль ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысында табыс етілді.
Оставайтесь на связи