Жаңа 2023 жылмен құттықтаймыз!
Қадірлі отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан баршаңызды Жаңа 2023 жылмен құттықтаймыз!
Өтіп бара жатқан жыл еліміздің жылнамасындағы маңызды бет, күрделі сынақтар мен тағдырлы реформалар жылы болды.
Ұлттық бірлік пен келісімнің арқасында біз өзімізге және бүкіл әлемге халықтың бірлігімен саналы да бейбіт азаматтары бар қуатты мемлекет пен әділетті қоғам құруға болатынын дәлелдеп, барлық қиындықтарды сәтті еңсердік.
Ағымдағы жылы Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орнын қамтамасыз етуге арналған конституциялық реформа мен Президенттің бағдарламалары бастау алып, жүзеге асырылуда.
Жаһандық өзгерістердің жаңа шынайылығына ене отырып, біз барлық сын-қатерлерді өз күшімізге, ортақ болашағымыздағы еліміздің табысына деген терең сеніммен қарсы алатынымызға нық сенімдеміз.
Құрметті қазақстандықтар!
Жаңа 2023 жыл – жаңа үміттер мен ұмтылыстар жылы. Оның қандай болатыныбіздің әрқайсымызға байланысты.
Ойлаған жоспарларыңыз іске асып, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Біз әрбір отбасына мықты денсаулық, құт-береке мен тұрақтылық тілейміз! Шаңырақтарыңыздан тыныштық, келісім мен өзара түсіністік үзілмесін!
Жаңа жылыңызбен!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі
ASSEMBLY.KZ
Оставайтесь на связи