1 мамыр – Отанымыз үшін ортақ жауапкершіліктің символына айналды

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды!

1 мамыр біздің ынтымақтастығымыздың және Отанымыз үшін ортақ жауапкершіліктің символына айналды. Тәуелсіздіктің 30 жылдық кезеңіндегі тарих қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі арқасында кез-келген қиындықтарды жеңіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды өз мақсаттарына жеткізуге болатындығын дәлелдеді.

Бұл мереке біздің еліміздің басты жетістігі мен стратегиялық артықшылығының белгісі — бұл ортақ тарихи тағдыр, ортақ болашаққа негізделген мызғымас азаматтық патриотизм мен ұлтаралық келісім.

Күні кеше ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы бейбітшілік пен келісім мәселелері мемлекет пен қоғамның басты басымдықтары болып табылатындығын тағы бір рет дәлелдеді.

Қымбатты достар!

Осы мерекеде біз барлықтарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз! Осы күн әр шаңыраққа шаттық әкелсін!

Қазақстан халқының бірлігі күнінде жолдаған жүрекжарды құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Туған өлкеміз гүлдене берсін!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

ASSEMBLY.KZ