ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз.

Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты, жоғары мақсаттар мен кемел болашаққа ұмтылысты, халықтың бірлігі мен Қазақстанның тұрақты дамуын бейнелейді.

Олар – мемлекет ішінде де, одан тыс жерлерде де өмірдегі маңызды бағдарымыз.

Біздің міндетіміз – оларды мақтан тұтып, қорғау.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған қасиетті рәміздеріміздің мәртебесі әрдайым жоғары болсын.

Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының әрі қарай гүлденуін тілейміз!

ҚР Мемлекеттік рәміздері күні 🇰🇿