2023 жылы 27 маусымда Қонаев қаласында “Әділетті Қазақстан: келісім, бірлік, тұрақтылық“ атты Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясы өтті.
Сессияға Алматы облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының басқарма басшылары, облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың, облыстық “Қоғамдық келісім” КММ жанындағы ақсақалдар, аналар кеңесі, Ассамблея жастары қатысты.
Облыстық сессияда Алматы облысы Іле ауданы бойынша күрд этномәдени бірлестігінің мүшелері белсенді қатысты, оның ішінде аудандық орталықтың төрағасы, ҚХА мүшесі Гейдаров Гамзе Бадриевич, Енбекшіқазақ ауданы күрд этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА мүшесі Надыров Надо Азизович, күрд этномәдени бірлестігінің басқарма мүшелері және белсенділері Шейх Файзо, Надиров Князь Арифович, Балоев Али Абдин-оглы, Мамедов Махмед Мустафаевич, Надиров Исмаил Арифович, Исмаилов Маджит Худедаевич қатысты.
Сессия соңында Алматы облысы Іле ауданы күрд этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Гейдаров Гамзе Бадриевич ерекше марапатталды.
Оставайтесь на связи