𝗥𝗼𝗷𝗮 𝗦𝗲𝗿𝘅𝘄𝗲𝗯û𝗻ê 𝘆𝗮 𝗞𝗼𝗺𝗮𝗿𝗮 𝗤𝗮𝘇𝗮𝘅𝗶𝘀𝘁𝗮𝗻ê 𝗽î𝗿𝗼𝘇 𝗯𝗲!
Құрметті қазақстандықтар!
«БАРБАНГ» күрдтер қауымдастығы баршаңызды біздің еліміздің маңызды мерекелердің бірі — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз, барымыз бен байлығымыз, халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманының орындалуы болып табылады.
Өткен жылдар «Әралуандықтағы бірлік» қағидаты арқасында біздің табысты әрі бәсекеге сай мемлекет құрғанымызды дәлелдеп берді. Бұл жолда барша азаматтарымыз елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді түрде тартылды.
Тәуелсіздігіміздің әр жылы – Отанымыз тарихының жарқын беттері. Өткен жылдың да Қазақстан үшін ғана емес, күллі әлемдік қауымдастық үшін оңай болмағанын білеміз.
Бірлік пен ынтымақ болса кез-келген күрмеулі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік бар екенін дәлелдедік. Бұрын да осылай болған, болашақта да осылай болмақ.
Қазақстанымыз нығайып, көркейе берсін! Отанымыз қашанда қуатты, берік болсын!
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Қазақстан Күрдтері «БАРБАНГ» республикалық қауымдастығы төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Алиев Азиз Зиявич
Уважаемые казахстанцы!
Ассоциация «БАРБАНГ» курдов Казахстана поздравляет всех казахстанцев с одним из важнеших праздников нашей страны — Днём Независимости Республики Казахстан!
Пусть наши основные ценности — Независимость, Согласие и Единство — крепнут из года в год.
Независимость является нашей главной ценностью, достоянием и богатством, воплощением вековой народной мечты о свободе.
Прошедшие годы доказали, что, благодаря приверженности модели «Единство в многообразии», мы построили успешное и конкурентоспособное государство, где все граждане вовлечены в политические и социально-экономические процессы развития.
Каждый год нашей Независимости – это веха в истории родной страны. Уходящий год был непростым вызовом не только для Казахстана, но и для мирового сообщества.
В единстве и сплочении мы показали, чти способны преодолеть и разрешить любые проблемы. Так было и будет всегда.
Пусть крепнет и процветает наш Казахстан! Пусть всегда будет сильна наша единая страна!
Желаем каждой семье благополучия, процветания и сплочённости. Пусть будет страна сильной, а наше будущее прекрасным!
Председатель республиканской Ассоциации «БАРБАНГ» курдов Казахстана, член Совета Ассамблеи народа Казахстана Алиев Азиз Зияевич
Оставайтесь на связи