НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпаратҚазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев өз елінің азаматтары мен бүкіл әлем қоғамдастығын қазіргі заманғы ең табысты көшбасшылардың бірі ретінде мойындата алды, және де осы бедел-атағымен әлемдік саяси тарихқа мәңгі енеді.Біздің тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің мызғымастығы, демократия мен прогресс жолындағы үдеріс Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», — дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Барбанг» ҚР Күрдтер ассоциациясының президенті, Абай атындағы ҚазҰПУ Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мүшесінің айтуынша, Мемлекет басшысының ішкі саясаттың негізгі принциптерін қалыптастырудағы жетістіктері де осындай ірі қадамдардың бірі, соның арқасында еліміз баршаға, бейбітшілік, келісім, конфессияаралық толеранттылықтың тірегі ретінде танылды. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде көпұлтты Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты сақтау басты мәселе болды. Нұрсұлтан Әбішұлы дәуірлер түйісуінде этникалық және діни қақтығыстардың қауіп-қатерін жақсы түсінді. Оның президенттікке алғаш қадам басқаннан бастап халықтың бірлігін қамтамасыз етуді негізгі басымдықтардың қатарына қоюы кездейсоқ емес.

Ең күрделі 90-шы жылдардағы жаппай дағдарыс: саяси тұрақсыздық, дәстүрлі байланыстардың үзілуі, ауыр экономикалық жағдайды жақсы түсінген мемлекет басшысы Қазақстан халқына өз жолдауында бірінші кезекте достық пен бейбітшілік туралы айта келе: «Ел үшін өте жауапты сын сағатта сіздерді тыныштық сақтауға және төзімділік танытуға шақырамын. Қазір бұл бізге өте қажет, өйткені біздің әрқайсымыздың тарапымыздан кез келген эмоцияға берілу, ойланбастан әрекет ету ауыр әлеуметтік күйзелістердің бастауы болуы мүмкін. Мен біздің көпұлтты елді мекендейтін барлық азаматтарға, барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне айтарым, осындай күндерде біз ғасырлар бойы жинақталған бірлік пен өзара түсіністіктің негізі болған халықтар арасындағы достық тәжірибесіне ғана арқа сүйеуге тиіспіз», – деген болатын.

Президент этносаралық қатынастарды үйлестіруді республиканың бүкіл ішкі саясатының басты бағыты деп жариялады. Бұл тұрғыда тек қана ұлттардың бір біріне деген құрметі мен ізгілігі ғана сөз болып, қандай да бір ассимиляция немесе өзге ұлт өкілдеріне қысым көрсету туралы мәселе түбірімен сөз болмаған. Себебі Қазақстанда әрқашан тарихи дәстүрлерді, мәдениетті, тілді сақтауға мүмкіндік жасалып, ал әрбір қазақстандық өзінің шығу тегіне қарамастан тең құқықтарға ие болуына басымдық берілген. Елбасының саяси ерік-жігері, даналығы мен көрегендігі бейбітшілік пен бауырластық идеяларын сақтап қана қоймай, қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастыруға да мүмкіндік берді.

Ішкі саясаттың бұл үлгісі халықаралық деңгейде мойындалды. Біздің мысалымызбен көптеген елдер ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды құруды үйренуде, Қазақстанда бітімгершілік тәжірибесімен алмасу және ішкі және сыртқы жанжалдарды реттеу бойынша түрлі саяси және діни форумдар өткізіліп тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтық теңдікті, қоғамдық келісім және бейбітшілік саясатты жүзеге асырудың бірегей құралы болды. Бүгінгі таңда ҚХА қызметі барлық этностардың мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін дамытуға жағдай жасайды, сонымен қатар ерекше қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға және қоғамдық келісімнің конституциялық қағидатын іске асыруға көмектеседі. Ассамблеяның біріктіруші және жасампаз миссиясының басым бағыты – Қазақстанның көпэтносты мемлекет бола тұра біртұтас халқы бар ел туралы айтуға мүмкіндік беретін қоғамдық құрылым нысандарын іздестіру болып табылады. Ол азаматтық қоғам мен мемлекеттің диалогтық алаңына айналды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан бүкіл әлемде заманауи зайырлы және тез дамып келе жатқан мемлекет, конфессияаралық толеранттылық пен тату көршіліктің жаңа символы ретінде танылды. Бірлік пен қоғамдық келісім Тұңғыш Президент қызметінің басымдығына айналды. Елбасы өз сөздерінде бейбітшілік пен келісім, — мемлекеттің дамуының негізгі қозғаушы күші екенін, өйткені әлеуметтік кикілжіңге бойы алдырған, саяси қарама-қайшылықтарға ұшыраған ел тұрақты дами алмайтыны туралы үнемі айтып келген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен стратегиясы барлық кезеңдерде даналық пен көрегендікке негізделіп отырған. Ол әрқашан басты мақсаттарды айқындай білді және сол мақсатына жетудің төтке жолын табумен болды. Сондықтан біздің еліміздің барлық маңызды жетістіктері – Елбасымыздың жеке жеңісі, ерен еңбегінің көрінісі болып табылады. Шетелдік сарапшылар тәуелсіз Қазақстанның болашағына еш күмәнданбайды. Бұдан басқа, халықаралық қоғамдастықта Елбасының Сингапур, Малайзия, Индонезия сияқты дамыған елдердің модельдерінің үлгісі бойынша жүргізген «Қазақстан жолы» немесе «Қазақстандық үлгі» деген атқа ие болған реформалары Қазақстанды тұрақты және серпінді даму жолына шығарды.

Алайда, Елбасының басты жеке жетістігі – оның халқымызды ғасырлар бойы жинақтаған ең жақсы тарихи құндылықтарын ұқыпты сақтай отырып, мүлдем жаңа мемлекет құруында да жатыр. Бұл өзінің отандастарына, ата-бабаларының өсиет-өнегелеріне, қоғамның этикалық және адамгершілік ұстанымдарына құрметпен қарауында да көрініс берді, ол еңбекқор болуға , үлкен елімізді көркейтуге және шын мәніндегі ұлы да іргелі әрекеттерге қадам басуымызға шақырды. «Менің ғылыми библиографиямда Елбасына арналған 170-тен астам жұмыс жиналды – бұлар мақалалар, монографиялар, рецензиялар, онда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар саласындағы жетістіктерінің мән-жайын бағалауға талпыныс жасалды. Мен саясат саласындағы тақырыптарға қаншама назар аудармағаныммен олардың ешқайсысы біздің еліміздің қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі сияқты асқақтап көріне алмады, мені мұншама қатты толғандыра алмады. Мен үшін ол Ұлы реформатор, шынайы ұлт көшбасшысы болып қалады. Осындай қуатты да біртұтас , кемеңгер де батыр тұлға туралы ізденістер әлі де өз жалғасын табатынына кәміл сенімдімін», -деп түйіндеді «Барбанг» ҚР Күрдтер ассоциациясының президент Князь Мирзоев.