Қазақстан Республикасының «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті Мирзоев Князь Жамбыл облысына сапары кезіндегі сөйлеу (02.10.2020 ж):
Құрметті Бердібек Мәшбекұлы, құрметті қатысушылар!
Жамбыл облысы бүгінде біздің көп ұлтты қоғамда үлкен стратегиялық маңызға ие. Аймақ дамуының маңызды факторларының бірі — ұлтаралық келісім. Арасында тұрмыстық сипаттағы жекелеген жағдайларға ерекше назар аударылғанына қарамастан, облыс тұрғындары әрдайым бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.
Жуырдағы Қасқабұлақтағы оқиғалар жергілікті тұрғындар үшін күтпеген жағдай және жағымсыз жарнама болды. Дегенмен, нәтижелі іс қимылдар жасалды. Сіздің тікелей араласуыңызбен алғашқы минуттардан бастап-ақ жағдайды жақсарту үшін батыл шешімдер қабылданды. Іскер ұйымдастырушы ретінде тәжірибеңізді көрсеттіңіз. Осы бағыттағы ұйымдастырушылық жұмысты оңды жолға қойып Сіз қысқа мерзімде аймақты қалыпты жағдайға келтіре алдыңыз. Сіздің қамқорлығыңыз бен тағдыр кешті сәттегі шешімдеріңіз халықты дән риза етті.
Біздің сапарымыздың басты мақсаты жергілікті тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, жағдайды өз көзімізбен көріп жан-жақты түсіндіру шараларын жүргізу. Жергілікті тұрғындар арасындағы қорқыныш пен үрейді сейілтіп, Сіз бен біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жағдайды жақсарта алатынымыз хақ. Мұндай оқиғалардың қайталануына болашақта орын жоқ.
Сіздердің бастамаларыңызға үлкен рахмет, әрқашан халықтың мүдделерін қорғайсыздар. Өзіңіз үнемі байланыста болып, күнделікті көмек көрсетіп те жүрсіз. 80 жылдан астам қазақ халқымен бірге тұрып келе жатқан депортацияланған күрдтер, Қасқабұлақ тұрғындары, бүгін сізге және сіздің командаңызға сенеді.
Барбанг қауымдастығы мен арнайы делегация атынан бізді қабылдағаныңыз үшін тағы да бір ризашылығымызды білдіреміз. Кездесуіміз нәтижелі болып бірлескен жұмысымыздың болашақта сәтті болуын тілеймін.
Сіздің басшылығыңызбен Жамбыл облысы болашақта үлкен жетістіктерге жетеді деп сенемін!
Оставайтесь на связи