Жамбыл облысы Талас ауданының Қасқабұлақ орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында эссе жазудан конкурс ұйымдастырылды.

Аталмыш сайыс «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жоба тұжырымдамасы бойынша өтті.

20-22 қыркүйек күндері аралығында екі күнге жалғасқан сайыста аудандық Күрді этносы өкілдері (оқушылар) қатысты. Олар мемлекеттік тілді меңгеру, қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуды мақсат етеді.

Тәуелсіздік - тірегім

Өзі тұрып жатқан мемлекеттің ұлттық құндылықтарының бірі – қазақ тілін ерекше ынта-ықыласпен оқып, еркін меңгеріп жүрген күрді балақайларына тіл үйрену ешқандай қиындық туғызбады. Мемлекеттік тілді меңгерем деуші өзге ұлт өкілдерінің қатары көбейе берсін!

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

ASSEMBLY.KZ