2021 жылдың 11 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында (Тәуелсіздік көшесі, 57) с. 8.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарды сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясы өз жұмысын бастайды.
Жиынға еліміздің республикамыздың барлық өңіріндегі республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен ҚХА мүшелерінің делегациясы, қоғам қайраткерлері, ғылым және шығармашылық зиялылар, ҚР-нда аккредитацияланған халықаралық бақылаушылар және БАҚ қатысады.
Сағат 07.00-де Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау бойынша дауыс беру пунктін ашады (Бейбітшілік және келісім сарайы, 1-қабат).
Сессия ашылған соң ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 93-1 бабына сәйкес Ассамблея мүшелерінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттарға дауыс беруі жүзеге асырылады.
Қалалық сайлау комиссиясы Мәжіліске депутаттарды сайлауға дауыс беру қорытындысын жариялаған соң сессия өз жұмысын аяқтайды.
* * *
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Конституциялық заңдарына сәйкес 2020 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы сайланатын 9 кандидат ұсынылған болатын:
1. АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы — VІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты, ҚХА мүшесі.
2. АМИРХАНЯН Аветик Рубенович – Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
3. БУЛАРОВ Ильяс Юсупович – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе селолық округінің әкімі.
4. ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна – Көкшетау облыстық білім бөлімі «Техникалық лицей» КММ директоры.
5. ЛИ Юрий Виссарионович – «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі.
6. НАБИЕВ Вакиль Гусейнович – «Күрдтердің «Барбанг» ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі.
7. ОСИН Шамиль Абзалетдинович – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының жетекшісі, ҚХА мүшесі.
8. ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович – «Жетісуоблгаз» ЖШС бас директоры.
9. ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович – «Әзербайжандықтар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып саналады. Сессияның шешуші құқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне тоғыз депутатты сайлау болып табылады.
Оставайтесь на связи