🔵 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының сұрақтары бойынша ҮЕҰ көшбасшыларының кездесуі өтті
🟠 Прошла встреча лидеров НПО по вопросам противодействия коррупции
📃 22.05.2021 ж. Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyq alany» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларымен кездесу өткізді.
Іс — шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы — министрдің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті, «Almaty-Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің қызметіне ҮЕҰ қатысу форматтарын талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар аталған бағытты дамытуға арналған жаңа жобалар мен идеялар туралы ой бөлісті.
Дөңгелек үстел ҮЕҰ өкілдерінің бейресми сұхбаты мен актикоррупциялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау аясында өтті.
📃 22.05.2021 г. в Алматы проектный офис «Adaldyq alany» Министерства информации и общественного развития РК провёл встречу с лидерами неправительственных организаций, осуществляющих деятельность в сфере противодействия коррупции.
В мероприятии приняли участие руководитель проектного офиса «Adaldyq alany» МИОР РК — внештатный советник министра Тимур Джумурбаев, депутат Мажилиса Парламента РК, вице-президент Ассоциации «Барбанг» курдов Казахстана Вакиль Набиев, депутаты Алматинского городского маслихата, представители Департамента Агентства по противодействию коррупции г. Алматы, проектного офиса «Almaty — Adaldyq alany», неправительственных организаций.
Участники встречи обсудили новые подходы в формировании антикоррупционной культуры, форматов участия НПО в деятельности проектного офиса «Adaldyq alany» Министерства информации и общественного развития РК. Кроме того, они поделились мнениями о новых проектах и идеях, направленных на развитие данного направления.
Круглый стол прошёл в рамках неформального общения представителей НПО и обсуждения актуальных вопросов актикоррупционной повестки.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Оставайтесь на связи