Әз-Наурыз тарихи құндылығын, халық арасындағы өзектілігін жоғалтпаған мейрам. Халықтық сипат алған бұл мерекеде адами құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүріміз жаңғыратын ұлы күн. Бес мыңжылдық тарихы бар наурыз мерекесі көне құндылықтарымызды сақтап, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртудың арқасында ғасырларды жалғап, ұрпақ пен салт-дәстүрдің сабақтастығын сақтайтын қасиетке ие.

Аталған мерекені ұйымдастыруда 2021 жылдың 20 наурыз күні, «Зияткерлік күнін» тойлауда Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі «Әз Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» тақырыбында өзге ұлт ұйымдары «Барбанг», «Возрождение», «Мицва» и «Вайнах» қауымдастығының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен және колледж студенттерінің дайындаған бұйымдарынан «Қолөнер» көрмесі көрсетіліп, онлайн-дөңгелек үстел өткізілді.

Шарада, Zoom арқылы конференцияда, «Барбанг» Қазақстан Күрдтері қауымдастығының Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы Тагиров Максуд Гасимович сөз сөйлеумен қатысты.

ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ «ӘЗ НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ, ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ»
ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ «ӘЗ НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ, ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ»
ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ «ӘЗ НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ, ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ»