2023 жылғы 30 маусымда Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары мен студенттері, дәстүрлі өнер майталмандары, дауылпаз күйшілер, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, жастар қатысты, оның ішінде Қазақстан Күрдтері «БАРБАНГ» республикалық қауымдастықтың баспасөз хатшысы Надиров Анвар Азимбаевич.

Мерекелік іс-шараның мақсаты – қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру болып табылады.

Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! 🪕🪕👏🎉🇰🇿


Ұлттық домбыра күні 🪕🎉🇰🇿
Ұлттық домбыра күні 🪕🎉🇰🇿