Тәуелсіз Қазақстанда этносаралық қатынастардың қазақстандық моделін қалыптастыру – бұл тың көзқарас. Елдегі болып жатқан түрлі жағдайға қарамастан біз бірлікті сақтаймыз. Бұл үрдіс бұған дейін де еш үзілмеген. Дәл солай әрмен қарай жалғаса беретін болады.
Осы тұста еш елде баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған ісі ауқымды екенін атап өту маңызды. Осы орайда «Біздің ортақ міндетіміз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау – тәуелсіз Қазақстанның басты әрі даусыз табыстарының бірі. Біздің ынтымағымыз одан ары нығая берсін, ал жүрегі ортақ жетістіктер үшін мақтаныш пен алғысқа толы болсын», деген еді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазаұқстан халқы Ассамблеяның басты әрі негізігі міндеті – халық бірлігін, ынтымақтастығын нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.
Сондай-ақ, қоғамдағы адамның құқығына, бостандығына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу болатын. Бүгінгі таңда тұрақтылық пен бейбіт өмірдің діңіне айналған ассамблея өзіне артылған міндетті айрықша орындап келеді.
Қоғамның көпэтносты, мәдениет пен тілдердің көптүрлілігі біздің артықшылығымызға айналып, елдің дамуына берік негіз болғаны рас. Олай болса бізді әлем елдері арасында артық етіп көрсетіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі күні ширек ғасырдан астам уақытты артқа тастап отыр. Ынтымақ пен бірегейліктің салтанат құрған дәуірі әрмен қарай жалғаса беретініне бек сенімдімін.
Мен, осы елдің азаматы, күрділер қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде елдегі болып жатқан қуанышты жаңалыққа қуанып, ал, қиындығына өзімше кейіп отырамын. Бұл — осы елге сіңіп, бүгінде өз Отанымыз ретінде мойындағанымыздың дәлелі. Ата-бабамыздың бізге көрсетіп кеткен үлгісі осындай. Бізді бұл үрдісті, одан әрі жалғап өз ұрпағымыздың бойына сіңдірудеміз. Қазақстан халқының мамыражай күн кешіп, ел іргесі аман, тыныш, бейбіт заман болғаны біздің де тілегіміз.
Өз этносымыздың салт-дәстүрі, мәдениеті, өркениеті болмаса түрлі әдет-ғұрыптар секілді ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, оларды болашақ ұрпақтарымызға жеткізуге немесе оларды ұмытылмастай дәріптеуге Қазақстанда ешқашан кедергі болған емес. Мұндай елдің неліктен қасиетті қастерлеп,мейрейін үстем етпеске. Керісінше, бізге осындай жағдай жасап, отырған кеңпейіл Қазаққа, ауадай қажет ауызбіршілігімізді сақтап отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына алғыстан өзге айтарымыз жоқ.
Біз күрді халқы нәубетті жылдары қазақ жерін паналадық. Демін ішіне тартып тұрған нәубетті жылдарда қазақ жері бізден өзге сан түрлі ұлттарды бауырына басты. Міне, содан бері қаншама уақыт өтті? Бізге Қазақстан құтты қоныс, жайлы мекенге айналды. Біз үшін Қазақстаннан өзге Отан жоқ. Қоғамда өз орнын тауып, тату-тәтті өмір сүріп отырған этностардың басын Ассамблея біріктіріп отыр.
Мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттардың азаматтық ынтымақтастығының арқасында десек қателеспейміз. Бүгінгі күнде отансүйгіштік, мейірімділік, төзімділік, ауызбіршілік, намысшылдық, батырлық, адалдықты өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіру — әрбір азаматтың парызы. Елбасы айтқандай, «Біздің бабаларымыз тірі болу үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек». Бұл дәстүр үзілмесе, ғасырлар бойы көпэтносты мемлекетіміздің тыныштығы тұрақты, қоғамдық тұтастығы мықты болмақ.
Айдаров Латиф Амзеевич
Қазақстан Республикасы «Барбанг» Күрділер қауымдастығының оңтүстік аймақтар бойынша вице-президенті
Оставайтесь на связи