Құрметті отандастар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке барша қазақстандықтарды Отанға деген сүйіспеншілікке және оны қорғауға дайын болуға шақырады.
7 мамыр – ел тәуелсіздігі мен егемендігін күзететін ұлттық армия құрылған күн. Қазақстанның қазіргі Қарулы Күштері — мемлекеттің тұрақты және сенімді дамуының кепілі.
Біздің еліміздің тарихы қай уақытта да Қазақстан халқына тән елдік пен ерліктің мысалдарына толы. Батырлық, батылдық, жанқиярлық және антқа адалдық әрқашан біздің сарбаздар мен офицерлердің өзгермейтін қасиеттері болып қала береді.
Бұл күні біз өз еңбегімен еліміздің қауіпсіздігіне үлес қосатындарды, кәсіби жетістіктері арқылы оның дамуына және өркендеуіне үлес қосатындардың барлығын құрметтейміз.
Қымбатты қазақстандықтар!
Сіздерге шын жүректен бақыт, бейбітшілік пен мейірімділік, отбасыларыңызға келісім мен береке тілейміз.
Мерекеміз әрдайым бейбіт және қуанышты болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
ASSEMBLY.KZ
Оставайтесь на связи