Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Надиров Азимбай Садыкович «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 22.04.2021 ж. жарияланған мақаласы
«Тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаю тарихына этностардың қосқан үлесі»
Азаттықтың ақ таңының арайланып атқанын көру бақыты жас буынға бұйырған. Қазақ елі талай зұлмат кезеңдерді өткерді. Ел мен жер үшін кескілескен шайқас, ашаршылық заман, сұрапыл соғыс ең сорақылары да сол.
Ал кешегі Совет Одағы тұсында жер аударылған түрлі ұлт өкілдерін жатсынбай, туысындай қамқорлық танытуы шынында құрметке лайық қасиет.
Жастарға Тәуелсіздіктің қаншалықты қымбат екенін ұғындыру аға буынға парыз. Тарих пен әдебиетті терең түсінген ұрпақ еркіндік ұғымын түсіне алады. Әрине бүгінде сауатты, ізденімпаз жастарымыз жетерлік. Ол үшін қуаныштымыз.
Жігерлі жастарымыз барда болашағымыз жарқын болары анық.
Әлемдік аренада Қазақстан елі жер жүзіне танылып, шетел мемлекеттері санасатын хәлге жетті. Спортшыларымыз Көк туымызды желбіретіп, ел мерейін үстем етіп жүргені тағы бар.
Түрлі этнос өкілдерінің басын қосқан Қазақ елі бірліктің қадірін жете түсінеді. Жүрегі Отаным деп соғатын патриот барлық азаматтардың мақсаты бір, көздегені Тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру.
Ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті күн кешіп отырғандығы өзге елдерге үлгі. Қоғамның бір бөлшегіне айналған әр этностың, әрбір қазақстандықтың орны бөлек. Әрқайсысы ел дамуына үлесін қосып жатқандығы рас.
Ортақ мүддені көздеп, ынтымақтастықта республикамыздың өркендеуіне қолдан келгенше үлес қоса берейік. Бұл Отан алдындағы азаматтық борышымыз деп түсінуіміз керек.
Оставайтесь на связи