2021 жылғы 31 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар қаласында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» атты дәстүрлі түрде жылда халықаралық жоба аясындабірқатар іс-шаралар өтті.
Жоба бойынша Павлодар қ. Достық үйінде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: тарих және естелік» ғылыми практикалық форумы өтті.
Ғылыми практикалық форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А.Әзілханов, Павлодар қаласының әкімі А.Сқақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Дементьева және Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының белгілі ғалым-дәріскерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының өкілдері, депортацияланған және қуғын-сүргінге ұшыраған отбасылардың ұрпақтары қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік форумның секциялық бөлігі Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуы, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық, ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін, Қазақстандағы этностардың жер аударылуы, ҰОС тарихы және т. б. мәселелерді талқыланды.
Форум соңында қатысушылардың баспасөз конференциясы өтті.
Сондай-ақ, іс-шаралар аясында саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориалы мен Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Оставайтесь на связи