Нұр-Сұлтанда «Алтын күн» балалардың IV патриоттық әндер фестивалі өтті || 13.06.2021
Елордадағы «Оқушылар сарайы» ғимаратында «Алтын күн» балалардың IV патриоттық әндер фестивалі өткізілді.
Шараны Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Фестиваль талабына сәйкес, қатысушы талапкерлер белгілі бір жас санаттары бойынша (6 жастан 10 жасқа дейін; 11 жастан 13 жасқа дейін; 14 жастан 16 жасқа дейін) алдын ала іріктелінді.
Жалпы фестиваль «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз», «Әлем балалар көзімен» тақырыбы бойынша өткізілді.
Фестивальге Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің көркемдік ұжымдарының мүшелері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, оның ішінде «Барбанг» Қазақстан Күрдтері қауымдастығының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жас белсендісі Зина Темирова «Атамекен» әнімен қатысып, топ жарған жүйріктер арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап өту керек, бұл фестиваль тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп келеді.
_________________________
IV детский фестиваль патриотической песни состоялся в столице Казахстана.
13 июня 2021 года в здании «Дворца школьников» состоялся IV детский фестиваль патриотической песни «Алтын күн». Организатором мероприятия выступила АНК города Нур-Султан.
Конкурсанты принимали участие в следующих возрастных категориях:
— с 6 до 10 лет;
— с 11 до 13 лет;
— с 14 до 16 лет.
Песни также были посвящены на следующие темы:
— «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз», «Поколение независимой страны» — песни о Родине, Казахстане, о столице, родном крае, посвященные 30-летию Независимости Республики Казахстан;
— «Мир глазами детей» — песни о маме, о детстве, о дружбе и т.д.
В фестивале приняли участие представители этнокультурных объединений города Нур-Султан, художественных коллективов общеобразовательных школ, среди которых юная активистка столичного филиала Ассоциации «Барбанг» курдов Казахстана Темирова Зина.
Победители были награждены ценными призами.
Мероприятие проводилась в соответствии с необходимыми санитарными требованиями.
ASSEMBLY.KZ
Оставайтесь на связи