2021 жылдың 30 қазанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Тараз қаласында «Туған жерім – дархан далам!» атты Жамбыл облысы Сарысу ауданының күндері өтті.

Іс-шарада «Барбанг» қауымдастығының Жамбыл облыстық филиалы филиалының төрағасы Сартиф Алиевтің және Сарысу ауданы күрд этномәдени орталығының төрағасы Камал Айдаровтың жетекшілігімен белсенді қатысты.

«Баласағұн» орталық концерт залының аумағында ұлттық тағамдар қойылған қазақ үй, алтыбақан, аудандық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлері, қолөнер шеберлерінің туындылары қойылып, жиналған қауымға бауырсақ пен қымыз таратылып, келушілерге сый-құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар, көпшілік қауымға күрдтердің және басқа ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, қолөнерлері ұсынылып, күрдтердің және түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдардан дастархан жайылды.

Туған жерім – дархан далам!
Туған жерім – дархан далам!
Туған жерім – дархан далам!