Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығы Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтайды!

Тұңғыш Президент күні – Қазақстандағы тарихи таңдау және ұлттық бірлік пен келісім күні.

Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні.

Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған тарихи тұлға.

Мемлекетіміз өзінің жетістіктерімен, қоғамдық-саяси өмірдегі терең өзгерістерімен әлемдік қауымдастықтың мойындауына ие болып, одан лайықты орын алды.

Сізге және Сіздің жақындарыңызға отбасыңызға амандық, зор денсаулық және бақыт тілейміз!

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін! Барлық бастамаларымыз жемісті, болашағымыз жарқын болсын!

Құрметпен,

ҚР Күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығының төрағасы, ҚХА мүшесі Азиз Зияұлы Алиев

Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!