15.12.2021 ж. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуге арналған ҚХА қоғамдық құрылымдары бірлескен отырысы өтті.
Жиынға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Мақсат — қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған өңірдің оң нәтижелерімен бөлісу және алдағы уақытта этносаралық шиеленіс пен жанжалдардың алдын алатын кешенді жүйе қалыптастыру.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бигелді Тәжібаев «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерінің этностар тығыз орналасқан аудандарда белсенді жұмыс істегендігін атап өтті.
Облыстың қоғамдық, мәдени іс-шараларына үлес қосып, өңірлік ассамблея жолында аянбай еңбек еткен этномәдени бірлестіктердің өкілдері «Бірлік» және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен, «Жомартжан» төсбелгісімен, сондай-ақ, алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығы басқармасының мүшелері, оның ішінде «Барбанг» қауымдастығының вице-президенті, Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Латиф Айдаров және «Барбанг» қауымдастығы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Сартиф Алиев Алғыс хаттармен марапатталды, ал Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойлық медалімен – Жамбыл облысы Шу ауданы күрд этномәдени орталығының төрағасы Усен Алиев.
Оставайтесь на связи