🔰Телеэфирде көрсетілген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты уақытылы, эксклюзивті, серпінді, шынайы болды. Әр сөз жүрекке тез жетті. Мемлекет басшысы өткір және келеңсіз қойылған сұрақтарға да батыл түрде ашық жауап берді. Әр сөзінен нық сенімділік сезіліп тұрды. Бұл халык үшін маңызды және құнды, өйткені сенім Қазақстанның дұрыс дамуы үшін қажетті реформаларды жүзеге асыруда жақсы көмекші болып табылады. Сондай-ақ, сұхбатта өмірлік маңызы бар салалардағы, ішкі және сыртқы саясаттағы өзгерістер туралы да айтылды. Енді аркарай өмір көрсетеді, еліміздегі бұл өзгеріс-реформалар халық тұрмысын жақсы жаққа өзгертуге тиіс.


🖊️Сартиф Алиев,

Жамбыл облысы бойынша «Барбанг» күрділер қауымдастығының төрағасы