2023 жылдың 29 маусымында республикалық Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаевтың төрағалығымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының міндеттері мен оны іске асыру жолдары» атты кезекті XXV сессиясы өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы аудандары әкімдерінің орынбасарлары, жекелеген қалалық басқармалардың басшылары, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері қатысты.

Сондай-ақ, шарада Қазақстан Күрдтері «БАРБАНГ» республикалық қауымдастығы төрағасының орынбасарлары Ибрагимов Агали Ниязович мен Мустафаев Аладин Алиевич, Аналар кеңесінің төрағасы Мирзоева Медина Князевна, Жастар қанатының төрағасы Сулейманов Маме Алан Эдуардович, қауымдастықтың белсенділері Калоев Сиябанд Исмаилович және Мирзоев Давид Низамиевич қатысты.

Алматы қалалық ҚХА сессиясы өтті
Алматы қалалық ҚХА сессиясы өтті
Алматы қалалық ҚХА сессиясы өтті
Алматы қалалық ҚХА сессиясы өтті
Алматы қалалық ҚХА сессиясы өтті