Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мейрамы күніне арнайы кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – Бибігүл Жексенбай, республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Нұрсауле Альтекова, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында, Сенат депутаты қабылданатын заңдардың сапасына терең мән беретінін айтты. Осы жұмыстарды халыққа жеткізу үшін Сенат дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен және масс-медиамен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыра беретіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, Бибигүл
Нұрғалиқызы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мейрамы күнімен құттықтай отырып, еліміздегі асырылып жатқан әлеуметтік-эконикалық, саяси реформаларды және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заң шығару қызметін халыққа жан-жақты дәріптеп жүрген журналистер, телеарна, радио, баспасөз редакцияларының қызметкерлері Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан алғыс хаттармен марапаттады, оның ішінде Қазақстан Күрдтері «БАРБАНГ» қауымдастықтың белсенді мүшелері — біздің орталығының баспасөз хатшысы Надиров Анвар Азимбаевич пен төрағасының көмекшісі Шамилов Мурад Фуриддинович.
Барлық қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде көптеген кәсіби мамандардың жұмысын атқаратындығын атап өтті. Олар өз еңбегімен мемлекеттің дамуына, қоғамдық келісімді, татулық пен өзара түсіністікті нығайту мен сақтау бағдарламасының табысты жүзеге асырылуына қомақты үлестерін қосып келеді.
Барлық қатысушыларды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз! 🇰🇿👏🎉
Оставайтесь на связи