2023 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кеңейтілген республикалық кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның Кеңесінің мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және «Бір ел – бір мүдде» ҚР Парламентінің Палатааралық депутаттық тобының мүшелері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қоғамдық келісім» РММ, ҚХА қоғамдық құрылымдары, «Ассамблея жастары», Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі мен кафедралары, ҚХА Журналистер клубы, БАҚ өкілдері және т.б қатысты.
Сондай-ақ, конференцияға ZOOM байланыс режимінде барлық өңірлік Қазақстан халқының ассамблеялары және олардың құрылымдары қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Президенттің Жолдауы біздің қоғамды ауқымды қайта құрудың жаңа кезеңі болғанын, халықтың, әрбір азаматтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге шешуші қадам жасалғанын атап өтті.
Өзінің бір аспектісінде ауқымды саяси реформа экономикалық реформалар үшін маңызды және негізгі дайындық кезеңіне айналды.
М. Әзілханов бұл реформа еліміздегі бірлік пен келісімнің нығаюы мен ауқымды трансформация бағдарламасының табысы арасындағы тікелей көрнекі байланысты сенімді түрде көрсеткенін айтты.
Азаматтық қағидаттарында барлық этностарды біртұтас ұлтқа интеграциялаудың жаңа тұғырнамасын қалыптастыру, әрбір азаматтың біртұтас халыққа интеграциялануға саналы және белсенді рөлін көздейтін интермәдениеттілік қағидаты, азаматтардың биліктің барлық деңгейлерінде өз мүдделерін білдіру және қорғау мүмкіндіктерін кеңейту — экономикалық реформалардың тиімділігін арттырып, елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін саяси жағдайлар жасады.
Нәтижесінде, Жолдауда алға қойылған терең және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар берік саяси негізге және толық саяси қолдауға ие.
Спикер Жолдаудың басты ойы - абстрактілі жетістіктерге емес, азаматтардың өмірін нақты жақсартуға негізделген жаңа экономикалық модельге кезең-кезеңмен, бірақ шешуші көшу екенін атап көрсетті.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Жолдауында әрбір азамат пен оның жеке экономикалық мүдделеріне қандай да бір дәрежеде әсер ететіндей ауқымдағы экономикалық даму міндеттері қамтылған.
М.Әзілханов Жолдаудың экономикалық міндеттерін іске асыру қоғамды шоғырландыруға, бірлік пен келісімді нығайтуға тікелей жұмыс істейтінін атап өтті.
Экономиканы әртараптандыру, қазақстандық қамтудың өсуі, өндірістің жаңа салалары қоғамда экономикалық және әлеуметтік байланыстарды дамытады әрі күшейтеді.
Адамның байланыстары мен экономикалық мүдделерінің мыңдаған жіптерімен байланған және бекітілген қоғам азаматтық, тарихтың ортақтығы қағидаттарына ғана емес, сонымен бірге объективті экономикалық мүдделерге де негізделген – бұл қоғамның әлеуметтік-саяси тұтастығының ең берік және тиімді негізі.
Экономиканың өзі қуатты этноәлеуметтік интеграторға айналуда.
Осыған байланысты Жолдау Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына бірқатар терең семантикалық идеологиялық міндеттер қояды, оның шеңберінде Мемлекет Басшысының Жолдауы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ұлттық құрылтайдың XXXII сессиясының міндеттері үштігі «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» қағидатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритміне біріктірілуі тиіс.
Ассамблеяның идеологиялық жұмысында қоғамның өзін, қоғамдық құндылықтар жүйесін және тұтастай алғанда қоғамдық сананы реформалау міндеттері алға қойылады.
Бұл реформа бірлік пен тұрақтылық, әділеттілік пен ынтымақтастық, заң мен тәртіп, сенім мен жауапкершілік құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған.
Ассамблеяның барлық құрылымдары-этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары», Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі және басқалары Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келетін жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға назар аударуы керек.
М. Әзілханов қоғамдық тәртіпті бұзуға, көшелер мен табиғаттағы вандализмге, кейбір азаматтардың мәдениетсіздігіне, түрлі тұрмыстық қақтығыстарға бағытталған арандатуларға қатысты заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз қамтамасыз етуге тағы да назар аударды.
Сондықтан, Ассамблея Президенттің «жаһандық турбуленттілік пен белгісіздік жағдайында да біз өз бағытымызды берік ұстанамыз» деген сөздерін қолдайды.
Сондай-ақ, Ассамблея мүшелерінің алдына ақпараттық-түсіндіру және алдын-алу жұмыстарын жүргізу, этномәдени бірлестіктердің «араздық тіліне» қарсы, фейктер мен арандатушылықтарға қатысты қағидатты ақпараттық және қоғамдық ұстанымдарын белгілеу міндеті қойылды.
Жолдаудың міндеттерін іске асыруға қатысты Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмаларды орындау тәсілдерін қайта қарау және түзету, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық бірлестігімен жұмыстың жаңа институционалдық бағыттарын құру, бейбітшілік пен бірлік мәселелері бойынша саяси партиялармен өзара іс-қимыл және диалог құру қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ, спикерлер Жолдауды іске асыру үшін Аналар кеңесінің «Ассамблея жастарының», этномедиаторлар, еріктілер, қайырымдылық жасаушылардың әлеуметтік жобалары, тілдік жобалар іске асырылатынын атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Вайнах» шешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту қауымдастығының» тең төрағасы Ахмед Мурадов Мемлекет басшысы Жолдауының бірқатар аспектілеріне, атап айтқанда, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру, азаматтық, жауапкершілік пен патриотизм құндылықтары мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ заманауи жағдайда еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің маңыздылығын айта келе, барша қазақстандықтарды бірлік пен ынтымаққа шақырды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрия Ниязова «креативті экономика еліміздің, өңірдің жарқын жарнамасына, «визит карточкасына» айналатын ауқымды іс-шараларды құра отырып, талантты, шығармашыл адамдарды тартатын ірі қалаларды дамытудың қозғаушы күшіне айналады» деген пікір білдірді.
Сондықтан, Қазақстан экономикасының инклюзивті өсуі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және елдегі қаржы нарығының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының» Президенті Қайрат Айтбайдың пікірінше, ел Президентінің еліміздің берік өнеркәсіптік қаңқасын қалыптастыру және экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуі жөніндегі Жолдауының тезистері саяси жүйені жаңғырту және қоғамдық сананы өзгертумен қатар, барлығына осы шараларды іске асыруға сенімділік береді және еліміздің әрбір азаматын және әрбір кәсіпкерді оларды орындау бойынша белсенді іс-қимылдарға шақырады.
«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Владимир Божко «Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бұрын-соңды болмаған шараларды белгіледі. Президент оларға қол жеткізу біздің қоғамның келісімі мен бірлігін сақтай отырып қана мүмкін болатынын атап өтті. Біздің ортақ табысымыз әрбір азаматтың күш-жігеріне, жоғары азаматтық борышқа және әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты болады» - деді.
Кеңес қорытындысы сәйкес, Жолдаудың міндеттерін түсіндіру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу туралы шешімдер қабылданды, Ассамблея қызметінің және оның құрылымдарының негізгі бағыттары белгіленді, халықпен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа нысандары, жалпы республикалық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Толығырақ: www.assembly.kz
5 сентября 2023 года в Доме Дружбы г. Астаны Ассамблеей народа Казахстана проведено расширенное республиканское совещание по обсуждению Послания Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Экономический курс Справедливого Казахстана».
В работе совещания приняли участие члены Ассамблеи народа Казахстана и ее Совета, руководители республиканских и региональных этнокультурных объединений, депутаты Сената Парламента РК, назначенные Главой государства, и члены межпалатной депутатской группы Парламента РК «Бір ел – бір мүдде», представители Министерства культуры и информации РК, РГУ «Қоғамдық келісім», общественных структур АНК — «Ассамблея жастары», Советов матерей, Ақсақалдар кенесі, Ассоциации предпринимателей АНК, Научно-экспертного совета и кафедр АНК, Клуба журналистов, СМИ и другие.
В режиме ZOOM связи в конференции приняли участие все региональные Ассамблеи народа Казахстана и их структуры
В ходе совещания заместитель Председателя Ассамблеи народа Казахстана – заведующий Секретариатом Марат Азильханов отметил, что Послание Президента стало новым этапом масштабных преобразований нашего общества, сделан решительный шаг к обеспечению благополучия народа, каждого гражданина.
Формирование новой платформы интеграции всех этносов в единую нацию на принципах гражданства, принцип интеркультурализма, который подразумевает сознательную и активную роль каждого гражданина в интеграции в единый народ, расширение возможностей граждан представлять и отстаивать свои интересы на всех уровнях власти создали политические условия для обеспечения эффективности экономических реформ и поступательного развития страны.
Как итог, глубокие и всесторонние социально-экономические преобразования, выдвинутые в Послании, имеют прочный политический фундамент и полную политическую поддержку.
Спикер подчеркнул, что главная мысль Послания — поэтапный, но решительный переход на новую экономическую модель, во главе которой стоят не абстрактные достижения, а реальное улучшение жизни граждан.
Наряду с этим, Послание Главы государства содержит задачи экономического развития такого масштаба, что они затронут каждого гражданина и его личные экономические интересы.
Кроме того, отметил М.Азильханов, реализация экономических задач Послания прямо и непосредственно работает на консолидацию общества, укрепление единства и согласия.
Диверсификация экономики, рост казахстанского содержания, новые отрасли производства развивают и усиливают горизонтальные и вертикальные экономические и социальные связи в нашем обществе.
Пронизанное и скрепленное тысячами нитями живых человеческих связей и экономических интересов, общество будет становиться более сплоченным не только на принципах гражданства, общности истории, но и на основе объективных экономических интересов – а это самая прочная и эффективная основа социально политической целостности общества.
В этой связи Послание ставит перед Ассамблеей народа Казахстана ряд глубоких смысловых идеологических задач, в рамках которых триада задач XXXII сессии Ассамблеи народа Казахстана, Национального курултая и Послания Главы государства должна увязываться в единый алгоритм действий по реализации принципа «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат».
В идеологической работе Ассамблеи на первый план выдвигаются задачи реформирования самого общества, системы общественных ценностей и общественного сознания в целом.
Эта реформа направлена на формирование новой общественной этики, которая базируется на ценностях единства и стабильности, справедливости и солидарности, закона и порядка, доверия и ответственности.
Все структуры Ассамблеи – этнокультурные объединения, «Ассамблея жастары», Советы матерей, Ақсақалдар кенесі и другие должны сосредоточиться на мероприятиях, нацеленных на формирование новой общественной этики, которая полностью укладывается в цели и задачи Ассамблеи.
М.Азильханов еще раз акцентировал внимание на неукоснительное обеспечение верховенства закона и общественного порядка в отношении провокаций, направленных на подрыв общественного порядка, вандализм на улицах и на природе, бескультурье некоторых граждан, разного рода бытовые конфликты.
Поэтому Ассамблея безусловно поддерживает слова Президента о том, что «даже в условиях глобальной турбулентности и неопределенности мы будем твердо следовать своим курсом».
Перед членами Ассамблеи была также обозначена задача проведения информационно-разъяснительной и профилактической работы, принципиальной общественной позиции этнокультурных объединений против «языка вражды», в отношении фейков и провокаций.
Спикером также отмечено, что в реализацию Послания будут реализованы социальные проекты Советов матерей, «Ассамблея жастары», этномедиаторов, волонтеров, благотворителей, языковые проекты.
Член Совета Ассамблеи народа Казахстана, сопредседатель «Ассоциации развития культуры чеченского и ингушского народов «Вайнах» Ахмед Мурадов в своем содержательном выступлении затронул ряд аспектов Послания, вопросы формирования новой общественной этики, ценностей гражданства, ответственности и патриотизма.
Он также подчеркнул важность обеспечения безопасности страны в современных условиях, военно-патриотического воспитания молодежи и призвал всех казахстанцев к единству и сплоченности.
Депутат Сената Парламента Республики Казахстан Нурия Ниязова выразила мнение, что «креативная экономика становится движущей силой развития крупных городов, притягивающих талантливых, творческих людей, создавая масштабные мероприятия, которые становятся своеобразной яркой рекламой страны, региона, «визитной карточкой».
Поэтому инклюзивный рост казахстанской экономики позволит улучшить качество жизни населения и способствовать развитию финансового рынка в стране».
По мнению Президента «Ассоциации предпринимателей Ассамблеи народа Казахстана» Қайрата Айтбай «тезисы нынешнего Послания Президента страны по формированию прочного промышленного каркаса страны и обеспечения экономической самодостаточности наряду с модернизацией политической системы и изменением общественного сознания – дают всем уверенность в реализации этих мер и призывают каждого гражданина нашей страны и каждого бизнесмена к активным действиям по их выполнению».
Председатель ОЮЛ «Ассоциация русских, славянских и казачьих организаций Казахстана» Владимир Божко поддержал мнение, что «Главой государства обозначены беспрецедентные меры по улучшению социального положения и качества жизни населения. Президент подчеркнул, что их достижение возможно только при сохранении согласия и единства нашего общества. От усилий каждого гражданина, от высокого гражданского долга и ответственности каждого гражданина будет зависеть наш общий успех».
По итогам совещания были приняты решения по выработке методических рекомендаций по разъяснению задач Послания, обозначены основные направления деятельности Ассамблеи и ее структур, рассмотрены вопросы новых форм сотрудничества и взаимодействия с населением, реализации общереспубликанских проектов.
Оставайтесь на связи