Қазақстан халқы Ассамблеясының «КӨШБАСШЫ БОЛ!» атты республикалық жастар жобасы

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшы бол!» атты республикалық жастар жобасы онлайн режимінде өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары З.Кузиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің және ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері, халықаралық жаттықтырушылар мен жастар саясаты саласындағы сарапшылар, еріктілер және т.б. қатысты.

Іс-шараның мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аясында ел жастары үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға арналған әлеуметтік көтергіштер мен ынталандыру жүйесін, жастар үшін коммуникативті пікірталас алаңын құру, аймақтар мен шетелдік қатысушылар арасында тәжірибе алмасу.

Онлайн-кездесу барысында қатысушылар жастар саясаты саласындағы қазіргі трендтерді, Ассамблеяның жас белсенділерінің жұмысын, олардың көшбасшылық қасиеттері мен жеке әлеуетін ұлттық мақсаттар мен міндеттерге бағыттауды талқылады.

Сондай-ақ, жастардың әлеуетін іске асыруға және дамытуға жағдай жасау және оның бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру, жастар көшбасшылары арасындағы мәдениетаралық диалогты қалыптастыру, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ қызметін имидждік ілгерілету туралы ұсыныстар да айтылды.

Іс-шара аясында әр түрлі бағытта тренингтер өткізіліп, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен пікірталастар өткізілді.

Елордада «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы өтті
Елордада «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы өтті