Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Құрметті Марат Алмасұлы!
«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы атынан Сізді жаңа қызметіңізбен шын жүректен құттықтаймыз, жұмысыңызға одан әрі сәттілік тілейміз.
Ізгі ниетпен,
«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының
төрағасы, академик Князь Мирзоев
Оставайтесь на связи