Бүгін бүкіл әлем біздің әрқайсымыз үшін ең маңызды мереке — Халықаралық Отбасы күнін (International Day of Families) атап өтуде. Ол 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен жарияланды.
Бұл мерекені құру идеясы 1989 жылы пайда болды, әр түрлі елдердің назарын отбасы проблемаларына аударғысы келген кезде БҰҰ Бас Ассамблеясы 1994 жылды Халықаралық отбасы жылы деп жариялады, ал 1993 жылы бүгінгі мерекені құру туралы қарар қабылдады.
Бұл күнді белгілеу ел жұртшылығының назарын отбасының көптеген проблемаларына аударуды мақсат етеді. Ал оны өткізу отбасыларға қатысты мәселелерде хабардар болу деңгейін арттыруға және отбасылардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестер туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік береді.
Отбасының әл — ауқатының негізгі шарты — бұл балалардың, ата-аналардың, аталар мен әжелердің, отбасының әр мүшесінің денсаулығы екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін салауатты әдеттердің негізін қалау және бала кезінен бастап өз жағдайына жауапкершілікпен қарау маңызды.
Барша қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтаймыз! Сіздерге бейбітшілік, амандық, бақыт және зор денсаулық тілейміз!
Фото: balapan.tv
Оставайтесь на связи