МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
ҚХА БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2021 жылғы 31 мамырда Павлодар қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Павлодар облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Марат Әзілханов Павлодар облысы ҚХА белсенділерімен кездесу өткізді

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Наталья Дементьева және Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев, Павлодар облысы әкімінің орынбасары А. Құрманов, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Галым Шойкин, мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдары мен өңірлік Ассамблея құрылымдарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында ҚХА-ның XXIX сессиясының қорытындылары, этносаралық қатынастар мен интеграция саласындағы жаңа тұжырымдамалық тәсілдер, қайырымдылық іс-шараларды одан әрі ілгерілету, этносаралық саладағы жаңа үрдістер мен процестер талқыланып, жастар жобаларын іске асыру форматтары, сондай-ақ жастар үшін әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейту жөніндегі шаралар қаралды.

Іс-шара соңында ҚХА Төрағасының орынбасары Ассамблея жүйе құрушы институт және қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі элементі ретінде дамуын жалғастыруы тиіс екенін атап өтті.

ASSEMBLY.KZ